Фото: pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде жұмыс сапарымен жүрсе де, Қазақстандағы интернет мәселесіне қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мемлекет басшысы барлық ақпарат ресурстарының жұмысын қалпына келтіруді тапсырды», — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Қазіргі уақытта президент жұмыс сапарымен Германияда жүр.

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін ақпарат ресурстарының жұмысы біртіндеп қалпына келе бастады.

Еске сала кетсек, 15-16 ақпан күндері қазақстандықтар әлеуметтік желі мен мессенджерлерде интернет пен ұялы байланыстың жұмысына жаппай шағымдана бастаған еді.

Youtube, Google, Telegram және өзге де желілер жұмыс істемеді.

Оқи отырыңыз: