Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
«Бүгін Қазақстан президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады», — деп жазды Уәли.
Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі, сондай-ақ, Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барады. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.
Оқи отырыңыз:
- Байсерке, Панфилов… Үш ауылдың әкімі «жемқор» деген күдікке ілікті
- Қазақстанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдардың 60 учаскесі жабылды
- Павлодар облысында үй өртеніп, үш адам ажал құшты – оқиға орнында түсірілген суреттер