Басты бет Саясат Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

Фото pixabay.com сатынан алынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен Украина, Ирак және Палестинадағы төтенше және өкілетті елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Бұл лауазымда бұған дейін болған Самат Ордабаев қызметінен босатылды.

Ал Қазақстанның Иордан корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Айдарбек Тұматов Қазақстанның Ирактағы, Палестинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Дархан Кәлетаев туралы не білеміз?

1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Приозерное ауылында туған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1997 жылы Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы министрлер кабинеті жанындағы тіл комитетінің бірінші санаттағы маманы, жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары президент әкімшілігі басшысының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры, сенат депутаты, дін істері және азаматтық қоғам министрі, қоғамдық даму министрі, премьер-министр кеңсесінің басшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылдың 25 наурызынан 18 желтоқсанына дейін Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...