Басты бет Саясат Президент Тоқаев карантин жайлы: халық біртіндеп үйінен шығуы керек

Тоқаев карантин жайлы: халық біртіндеп үйінен шығуы керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасын аралау барысында төтенше жағдай мерзімі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев кешенді шаралар қабылдау керектігін атап өтті.

«Азаматтарымызға карантин режимін сақтаудың оңай емес екенін түсінемін. Бірақ бұдан басқа жол жоқ. Қалай болғанда да осы айдың аяғына дейін карантин режимін сақтаймыз. Арғы жағын тағы да қарастырамыз. Мүмкін, мәселені реттеудің жаңа әдістері табылар. Өйткені халық біртіндеп үйлерінен шығуы керек», – деді президент екі аптаның ішінде салынған модульді жұқпалы аурулар ауруханасын аралау барысында.

Мемлекет басшысы экономиканы қолдаудың маңыздылығы жайында да айтты.

«Экономикалық даму, шағын және орта бизнес туралы да ойлану керек. Күнделікті еңбек етіп, тіршілігін жасап жатқан халық өз мүмкіндіктерінен айырылып қалмауы қажет. Бұл жөнінде келесі аптадағы телевизиялық үндеуімде егжей-тегжейлі айтамын», – деді ол.

Айта кетсек, елімізде төтенше жағдай 16 наурызда жарияланды. 19 сәуірден астана мен Алматы карантинге жабылды.

Жуырда президент өз жарлығымен төтенше жағдай режимінің мерзімін 1 мамыр 07.00-ге дейін ұзартты.

Оқи отырыңыз:

Фото: Akorda.kz

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Былтырғы оқиға есіне түсіп кеткен: Көңілдесін ұрып өлтірген атбасарлық сотталды

Атбасарда көңілдесін ұрып өлтірген 35 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам үйінде ішімдік ішіп...

Жоқшылықта өсіп едім. Ақыры ұры болдым – Жомарт Ертаев

Сотталып жатқан бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа соңғы сөз берілді. Ол соңғы сөзден бас тартпай, сөйлеп қалды, деп хабарлайды zakon.kz. Тергеу мәліметінше, Ертаев 2011–2017 жылдар ішінде...

Алматыда үйлерге жылу әдеттегіден ерте беріле бастайды

Жылу беру маусымы Алматыда 28 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды zakon.kz. - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, жылыту маусымын бүгін, 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылдады....

Қызылорда 17 адамға қаланың құрметті азаматы атағы табысталды

Қызылорда күніне арналған мерекелік шаралар легі шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен "Сыр Ана" алаңында қорытындыланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала...

Қытайда Huawei зауыты өртенді (видео)

Қытайдың Дунгуань қаласындағы Huawei компаниясының зауытында ірі өрт болды: жаңа технологияларды тестілеуден өткізетін ғимараттың бір бөлігі отқа оранды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Disclose.tv мәліметінше, Дунгуань қаласындағы...

ҰҚК 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өтуіне қатысты түсініктеме берді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түрікменстанның 35 азаматы отанына жасырын оралды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Centralasia.media" порталында "Қазақстанда қалып қойған 35 түрікмен әйелі...

Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барған кезде жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мемлекет басшысы "Iске сәт! Ақ...