Басты бет Қоғам Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын жаңа форматта өткізеді

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын жаңа форматта өткізеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын өткізеді. Бұл туралы президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

«Алдағы отырыс онлайн форматта өтеді, басқа аймақтардан қосылу мүмкіндігі қарастырылған. Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша, алдағы отырыс адам капиталын дамытуға арналады. Атап айтқанда, білім беру саласын дамыту мәселелері қаралады», — деп жазды Қарин Telegram каналында.

Айтуынша, 2020 жылдың ақпанынан бастап Ұлттық кеңес мүшелері Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарды пысықтап жатыр. Олар алдағы отырыс барысында қаралады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қызметіне кіріскеннен кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы бастама көтерді. Маусымда кеңес құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Тоқаев атап өткендей, жаңа орган билік пен қоғам арасында диалог құру үшін құрылды.

Кеңестің бірінші отырысы 2019 жылы 6 қыркүйекте, екінші отырысы 20 желтоқсанда өтті.

Кеңестің негізгі мақсаты – қоғам, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды кеңінен талқылау.

Ұлттық кеңестің құрамына мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, журналистер мен саясаттанушылар кірді. Кеңесті мемлекет басшысы басқарады.

Фото: Akorda.kz

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...