Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына өтініш жасады

Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына Ауғанстанға көмек көрсету туралы өтініш жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Орталық Азия – Үндістан» бірінші онлайн-саммиті кезінде Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен іс жүзінде өзара іс-қимылды жалғастырып, оған азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек түрінде көмек жіберіп отыратынын айтты.

«Біздің саяси көзқарасымызға, жеке сенімімізге қарамастан, біз Ауғанстан мен оның халқын бұрын соңды болмаған қиындықтар мен гуманитарлық дағдарыс кезінде жалғыз қалдырмауымыз керек», — деді Қазақстан басшысы.

Республика президенті қауіпсіз және тұрақты Ауғанстан Азия елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту және дамуы үшін жаңа мүмкіндік ашатынына сенім білдірді.

Орталық Азия елдері мен Үндістанның тауар айналымы 2020 жылы 3 миллиард долларға жетті, Қазақстанның осы саудадағы үлес салмағы 80%-ті құрады.

«Орталық Азия – Үндістан» онлайн форматтағы бірінші саммитте елдер көшбасшылары мемлекеттер арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту перспективаларын талқылады.

Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан президенттері және Үндістан премьер-министрі қатысты.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз