Басты бет Саясат Тоқаев пен Өзбекстан президенті телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев пен Өзбекстан президенті телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Қазақстан мен Өзбекстанның су басқан аймақтарындағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты екі ел үкіметтерінің атқарып жатқан жұмыстарын егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекеттер басшылары халықты эвакуациялау және әлеуметтік қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру секілді шұғыл атқарылуы тиіс бірқатар міндеттерді шешу барысындағы тараптардың тығыз әрі үйлесімді жұмысына оң баға берді.

Өзбекстан басшысы бауырлас халықтар арасындағы қатынас достық және тату көршілік дәстүрге негізделгенін айтып, кез-келген қиындықты бірлесіп еңсеруге болатынын атап өтті.

Шавкат Мирзиёев Өзбекстан тарапының жан-жақты қолдау көрсететінін, оның ішінде, еркін ақпарат алмасып, бөгетті қайта қалпына келтіру кезінде Қазақстанның мүддесі мен халықаралық құқық қағидаттарын ескеріп, ашық жұмыс жүргізуге дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке осындай қысылтаяң шақта Өзбекстанның көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін ризашылығын білдірді.

«Біз бір өзеннің бойында отырмыз. Өзара сенім мен ашықтық негізінде ғана су ресурстарын әділ, тиімді пайдалануға қол жеткіземіз және трансшекаралық сипаттағы қауіп пен сын-қатерлердің алдын алуға мүмкіндігіміз болады», – деді Қазақстан президенті.

Тараптар трансшекаралық өзендердің ресурстарын бірлесіп басқару және пайдалану тетіктерін одан әрі жетілдіру туралы келісімге келді. Осы орайда екі ел үкіметтеріне тұрақты әрі жоғары деңгейде жұмыс істейтін арнайы топ құру мәселесін ойластыру жүктелді.

Әңгіме соңында тараптар бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бұл мерекеге ерекше мән беріп, құрметпен қарау керек екенін атап өтіп, барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне шын жүректен зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр, ал, бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан халықтарына амандық пен өркендеу тіледі.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.

Оқи отырыңыз:

Фото: Akorda.kz

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...