Тоқаев Шпекбаевты қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындады

125
Фото: pixabay.com

Руслан Шпекбаев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Осы жылдың 14 шілдесінде қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақыт Құрманбаевтың қайтыс болғаны хабарланған еді. Ол материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қорғаныс өнеркәсіп кешенімен өзара іс-қимыл жасау, қару-жарақ және әскери техника, сондай-ақ, тылдық және медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік етті.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз