Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады», — деп хабарлады Ақорда.
Президенттердің пікірінше, эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет етуі маңызды.
Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективасы жайында пікір алмасты.
Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев теңгенің әлсіреуіне байланысты Ұлттық банкке тапсырма берді
- Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты
- Kaspi.kz клиенттерінің төлемдерін 2 айға шегереді
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз