Басты бет Саясат Тоқаев Қытай басшысына хат жазды

Тоқаев Қытай басшысына хат жазды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді», — деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін үкіметтің қабылдап жатқан іс-шаралары туралы хабарлады.

Қытайдағы коронавирус

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады – ол 2019-nCoV коронавирусы.

Қаңтардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жаңа коронавирус індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.

Қытайда жаңа коронавирустан 259 адам көз жұмды, шамамен 12 мың адам жұқтырды.

Қазақстанда коронавирус ауруы тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер ерекше пневмонияға диагноз қоюды үйренгенін мәлімдеді.

Ел билігі Қытаймен әуе, теміржол және автобус қатынасын тоқтатты.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...