Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды

Фото: Akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы күндері Қытайда өршіген коронавирустың елімізде таралуының алдын алу шараларын атқаруды жүктеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды», — деді Тоқаев.

Еске салсақ, өлімге әкелетін коронавирус Қытайдың барлық провинцияларына таралған. Елдегі науқастардың саны 1300-ге жетті, 40-тан астам адам жапа шекті.

Бұған дейін өлім вирусының «отаны» болған аспан асты елінің қаласында коронавирусты жұқтырған барлық науқастар орналастырылатын емхана салу жоспарланып отырғаны айтылды. Медициналық мекеменің құрылысын 6 күнде аяқтау жоспарланған.

Айта кету керек, Қазақстанда қауіпті инфекция оқиғалары болған жоқ.

Оқи отырыңыз: