Басты бет Саясат Президент Тоқаевтың Бішкекке сапары аясындағы келіссөздердің қорытындысы шықты

Тоқаевтың Бішкекке сапары аясындағы келіссөздердің қорытындысы шықты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекке мемлекеттік сапары аясындағы келіссөздердің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Экономика және сауда-саттық

Тоқаев бірінші кезекте сауда-экономикалық байланыстар туралы айтып, қырғыз инвесторлары мен кәсіпкерлері үшін Қазақстанда, ал қазақстандықтарға Қырғызстанда қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Шекара бойындағы мәселелер бойынша ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Бақылау-өткізу пункттері жаңартылуда. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев экспорттық-импорттық операцияларды қолдау және ынталандыру үшін шекарада тауарларды рәсімдеп, өңдейтін логистикалық орталық құруды ұсынды.

Су және экология

Мемлекет басшысы Орталық Азияның трансшекаралық өзендерінің су ресурстары ортақ меншік екенін атап өтті. Ондаған миллион адамның тағдыры, бүкіл аймақтың тұрақтылығы мен гүлденуі оларды тиімді пайдалануға байланысты.

«Қазақстан мен Қырғызстанның Шу-Талас өзені бассейндеріндегі өзара әрекеттестігі бүгінде әлемнің көптеген елі үшін жақсы үлгі болып отыр. Бізде мемлекетаралық су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану бойынша бірлескен комиссия жұмыс істейді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан жыл сайын осы нысандарды үлестік қаржыландыруға, жөндеуге және қызмет көрсетуге қатысады.

«2000 жылдан бері біз осы мақсаттарға миллиард теңгеден астам қаржы бөлдік, қаржыландыру тәжірибесі жалғасады. Осы саладағы жағдайды ескере отырып, екіжақты форматта да, аймақтағы серіктестерімізбен де тығыз үйлестіру жұмысын жалғастыруға келістік», — деді Тоқаев.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан студенттері, оның ішінде Қырғызстандағы қазақ және Қазақстандағы қырғыз диаспоралары үшін бюджеттік білім беру арнайы бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін талқылады.

Елдердің әрқайсысында мәдени күндер өткізу қажеттілігі туралы уағдаласты.

Қазақстан Қырғызстан үшін дәрігер дайындайды

Денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты қолдаудың маңыздылығы да аталып өтті.

«Бір қызығы, Қазақстанның жоғары оқу орындарында 50-ден астам студент-дәрігер білім алуда. 100-ге жуық жетекші клиниканың, медициналық университет пен компания басшыларының қатысуымен Қырғызстанда қазақ медицинасының күндері өтті», — деді Тоқаев. 

Жаңа келісімдерге қол қойылды

Екі мемлекет арасында берік құқықтық база құрылды, онда 180 құжат бар.

«Бүгінде сондай-ақ екіжақты келісімдерге қол қойылды. Олардың арасында ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасын атап өткім келеді, ол біздің серіктестігімізді нығайтуға айтарлықтай серпін беруі тиіс», — деп есептейді Тоқаев.

Сөзінің соңында мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен келіссөздердің нәтижесіне қанағаттанатынын білдірді және қонақжайлылық пен кездесудің тамаша ұйымдастырылғаны үшін алғысын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысын 2020 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Бішкектегі ҰҚШҰ кеңесі

Еске сала кетейік, Тоқаев Қырғызстанда екі күн болады. Бейсенбі, 28 қарашада Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді.

Күн тәртібінде Ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері қаралып, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның биылғы қызметінің басым бағыттарын жүзеге асыру қорытындылары шығарылады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас-жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 113-ші орында тұр

Пара алу жағынан ішкі істер органдары алдына жан салмай келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары хабарлады, деп жазады «Астана»...

Алматыда аудандық соттың төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

Алматыда Бостандық аудандық сотының төрағасы ұсталды. Судья Алтынбек Баянов пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан видеода қара...

Шымкентте «сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің қалған мүлкі электронды саудаға қойылды. Аукцион туралы Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды...

Көкшетауда курстасын құтқару үшін жанталасқан жігіттер жайлы видео таралды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті оқу орнының алтыншы қабатының терезесінен құлап түсті. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды...

Елімізде бірнеше полиция қызметкері ұсталды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, бірнеше облыста ІІМ қызметкерлері арасында жемқорлық фактілерінің алдын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Батыс...

Әкімнің «креслосын» сатып алмақ болған шенді қызметінен айырылып тынды

Жамбыл облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлескен Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Жамбыл...

Алматылықтар мен қытайлықтар жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қытайлық жастармен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода бір топ қытайлық жас ұзын айдаһардың формасын ұстап тұр....