Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі зейнетақы жинағын баспана алуға жұмсау туралы айтты

Фото: Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі Олжас Хұдайбергенов Президент әкімшілігі зейнетақы жинағын баспана алуға беруі мүмкіндігін талқылағанын атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хұдайбергеновтің сөзінше, осы мәселе бойынша, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрімен кездескенін, ал 11-ші қаңтарда Президент әкімшілігінде жалпы кездесу болған.

Президент кеңесшісінің айтуынша, зейнетақы жинағында қаржыны баспана алу үшін шамамен 102 мың қазақстандыққа шешуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл жинаған сомасы 10-12 млн теңгені құрайтын адамдар. Олар елімізде шамамен 1%.

Экономист бұл сандардың өсуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Сонымен қатар Хұдайбергенов барлық зейнетақы жүйесін реформа күтіп тұрғанын, тиісті ведомство осы бағытта жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

Ал жаңа жүйе механизмнің жұмысы толығырақ наурыз айының соңында белгілі болмақ. Штаттан тыс кеңесші ол жайлы бөлек хабарланатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Хұдайбергенов өзі және Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы зейнетақы жүйесінде сингапурлық үлгіні неғұрлым тиімді деп санайтынын атап өтті. Дегенмен ол Қазақстанға бейімделген нұсқа болуы шарт.

«Келісім бар, ары қарай жұмыс істейміз», — деп сөзін қорытындылады президенттің штаттың кеңесшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстанда зейнеткерлікке шықпай тұрып, зейнетақы жинағын жұмсау жөніндегі ұсыныстың мән-жайын баяндап, қазіргі уақытта ұсыныстардың бірі Президент әкімшілігінде қаралып жатқанын айтқан еді.

Вчера два раза встречался с министром труда, сегодня была общая встреча в Администрации президента по вопросу…

Опубликовано Olzhas Khudaibergenov Пятница, 10 января 2020 г.

Оқи отырыңыз: