Басты бет Қоғам "Тоқтатуымыз керек": министр Аймағамбетов жиі көтеріліп жүрген мәселеге нүкте қойды

«Тоқтатуымыз керек»: министр Аймағамбетов жиі көтеріліп жүрген мәселеге нүкте қойды

Білім және ғылым министрлігі балабақшаларды жекеменшікке немесе сенімгерлікке беруге қарсы. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазіргі уақытта тағы бір жаңа үрдіс қалыптасты. Ол бүгінгі күні жап-жақсы жұмыс істеп тұрған балабақшаларды жекеменшікке немесе сенімгерлікке беру мәселесі. Бұл дұрыс үрдіс емес. Егер ол балабақшалар қирап жатса, немесе көп қаржыны қажет етсе, онда түсінуге болады. Ал керісінше, балаларды қабылдап, жақсы режимде жұмыс істеп жатса, неге біз оны жекеменшік компанияларға беруіміз керек?», — деді Аймағамбетов министрліктің кеңейтілген алқасында.

Министр балабақшаларды сенімгерлікке беруді ведомство құптамайтынын жеткізді.

«Сондықтан бұл мәселені біз тоқтатуымыз қажет», — деді ол.

Аймағамбетовтің айтуынша, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі өте төмен.

«Біз ерекше білімді қажет ететін балаларға жағдай жасап отырған жоқпыз. 11 өңірде электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетумен қамтылған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі проблема күйінде қалып отыр. Республика деңгейіндегі көрсеткіші 65% болса, ең төменгі көрсеткіш Қызылордада 45% және Атырауда 47%», — деді министр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...