«Тойда билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды»: Актер Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосы жарияланды

Фото: Instagram/ musrepov_teatry

Отандық танымал актер Сағат Жылгелдиев 68 жасында өмірден озды. Өнер иесі өмірінің соңғы сағаттарын көңілді өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ол той үстінде би билеп, әріптестерімен көңіл көтерген. Шоу-бизнес өкілдері бұл сәттің куәсі болған.

Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосын Рахман Омар жариялады. Ол Instagram парақшасында актер туралы естелігімен бөлісті.

«Жалған дүние-ай. Кім ойлаған? Той үстінде өзіне тән аңғалдығымен, кең пейіл көңілімен, дархан мінезімен, ортамызда балаша билеп жүрген асыл ағамыздан бір сәтте айырылып қаламыз деп кім ойлаған?! Жүрегім езіліп отыр. Дел-сал күйдемін. Тірі жанға жаманшылығы жоқ, басқаның қуанышында өз тойында жүргендей жүруші еді. Жасы біраз бізден үлкен болса да, өте ширақ, қимылы көз ілеспейтіндей жылдам еді.

Қайран ағам-ау, қайтейін?! Әй, Сағат! деп құрдасымдай ойнаушы ем. Енді кімге еркелеймін?! Орның ойсырайды ғой, көкешім-ау. Көз алдымызда кетіп қалдың-ау. Жаның жәннатта шалқысын, аға-ау. Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз. Билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды. Қайтар алдында 10 минут бұрын түсірілген видео», — деп жазды Рахман Омар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Рахман Омар (@rakhmanomar)

Айта кетейік, бүгін 16 мамырда актер Сағат Жылгелдиевтің өмірден озғаны белгілі болды.

Өнер иесінің жаназасы 17 мамыр күні өз үйінде беріледі.

Сондай-ақ 17 мамыр күні сағат 10:00-де Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында Сағат Жылгелдиевпен қоштасу рәсімі өтеді.

Автор: Малика Хадид

Оқи отырыңыз: