Басты бет Қоғам Ғаламтор «Транстелеком» АҚ ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобасының ағымдағы жетістіктерімен таныстырды

«Транстелеком» АҚ ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобасының ағымдағы жетістіктерімен таныстырды

Жобаның жүзеге асырылып жатқан екі жылы ішінде 275 елдімекенде жаһандық желіге шығатын 717 байланыс нүктесі орнатылды. Жоба бойынша  2021 жылға дейін жалпы ұзындығы 5,6 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс және ҚР 426 елдімекеніндегі 1,2 мың мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымды интернет желісімен қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлайды MediaWorld.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интернет желісіне шығу мүмкіндігі Нұр-Сұлтан (86,9%) және Алматы (80,9%) қалаларында кең таралған. Сонымен қатар, жоғары көрсеткіштер Солтүстік (70,2%) және Шығыс Қазақстан (70,4%) көрсетіп отыр. Ауылдық аудандарға интернетке шығу Нұр-Сұлтан және Алматыдағыдай жоғары жылдамдықты кеңжолақты желілер көмегімен емес, бірінші кезекте, мобильдік ұялы байланыс арқылы мүмкін болып отыр.

ҚР ауылдық елдімекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша интернетке шығатын кең жолақты байланыспен қамтамасыз ету жобасы елімізде 2018 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Жоба «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқасында мүмкін болды. Жобаның операторы — «Транстелеком» АҚ. Жобаның басты мақсаты – еліміздің тұрғындары арасындағы цифрлік теңсіздікті жойып, ауыл тұрғындарына әлемдік желіге шығу үшін техникалық мүмкіндіктер ұсыну.

Жоба жоспарланған кесте бойынша 100%-ға жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылдан бастап интернет бүкіл республика бойынша 262 елдімекенге жеткізіліп, осының арқасында ауруханалар, мектептер, мемлекеттік басқару органдары сынды әлеуметтік маңызға ие көптеген нысандар ғаламторға қосыла алды.

2019 жылы жоба Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар және Түркістан, жалпы Қазақстанның 9 облысын қамтыды. Оптикалық-талшықты байланыс желісінің ұзақтығы 1 734 шақырымды құрайды. Келесі жылы жұмыс аталған облыстарда жалғасын тауып, еліміздің басқа да өңірлерін қамтымақ. Интернет желісіне қосу жобасы аясында Түркістан облысы көшбасшы орынды иеленбек. Облыста жобаның жүзеге асырылып жатқан уақыты ішінде 139 елдімекенді интернет желісіне қосылуы жоспарланған, ал  облыс бойынша орнатылған нүктелердің жалпы саны 304-ке жетеді.

«Бұл көрсеткіштер халық арасындағы цифрлік сауаттылықтың өсуі, технологиялық кәсіпкерлік пен стартап мәдениетін дамыту, цифрлік технологияларды қолдану арқылы ауылдағы өмір сапасын жақсарту  үшін негізгі іргетасты қаламақ. Цифрлік ортаның құрылуына әкеліп, адами капиталды дамыту және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Цифрлік ажырауды алып тастау арқылы біз жастарға ауылда отырып-ақ өзін жүзеге асыруға мүмкіндік береміз. Бұл біздің компаниямыз үшін стратегиялық маңызға ие жоба болып табылады, ол қазақстандықтарды цифрлік әл-ауқатпен қамтамасыз ету туралы біздің миссиямызбен үйлеседі», — деп атап өтті «Транстелеком» АҚ желілік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі атқарушы директоры Мағзұмов Айдар Арғынбайұлы.

Енді ауылдық елдімекендердің тұрғындары мемлекеттік онлайн-қызметтерге, қашықтықтан оқу үшін біліктілікті көтеру, қашықтықтан жұмыс жасау, әлеуметтік желілерді және онлайн кассалық аппараттар сынды бизнес жүргізу құралдарын қолдана отырып жеке бизнесін ілгерілетуге мүмкіндік алып, электрондық денсаулық паспорты, міндетті медициналық сақтандыру, мамандарға онлайн арқылы жазылу сынды заманауи медицина қызметтеріне қол жеткізеді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...