Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ақылы вакцинаның бағасы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Мен нақты айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент. Бірақ жалпы, вакциналар қымбат емес. Егер біз басқа вакциналарға қарайтын болсақ, олар әр түрлі шектерде – 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін. Сондықтан бағаны белгілеу сатып алу бағасына байланысты болады, — деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, негізгі дистрибьюторлар келесі жылдан бастап нарықта қол жетімді болатын қосымша вакциналар пулын іске қосу туралы хабардар етілген және осы мәселені пысықтап жатыр.
Мысалы, тұмауға қарсы вакцина. Біз бір вакцинаны сатып аламыз, бірақ сонымен бірге коммерциялық нарыққа балама аналогтарды ұсынуға мүмкіндік береміз, – деді Алексей Цой.
Бұған дейін Үкімет отырысында ол елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Оның айтуынша, соңғы екі айда ауру 4,5 есе, ал өлім 4,8 есеге азайды.
Бақытжан Отарбаева
Оқи отырыңыз:
- ШҚО-да жас жігіт күрек пен қайшымен ұрып, адам өлтірді
- Вакцинаға қарсы шыққан жұмысшыларға қандай шара қолданылды – бас инспектордың жауабы
- Дәрігерлер дабыл қағады: Климакс жасарып, қазақ қыз-келіншектері тез қартаюда
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз