Утилизациялық алымның мөлшерлемесі ақпан айының соңына дейін бекітіледі

Фото: pixabay.com

Осы жылдың ақпан айының соңына дейін утилизациялық алым бойынша жаңа мөлшерлеме қарастырылып, бекітіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Утилизациялық алымның коэффициенттерін қайта қарау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

«Мөлшерлеме осы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітіледі. Жұмыс тобының шешімі туралы ақпарат министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады. Сол уақытқа дейін утилизациялық алым қолданыстағы мөлшерлемемен «Жасыл даму» АҚ операторына төленеді», — делінген министрліктің хабарламасында.

Тақырыпқа орай: Депутаттар көлікті техникалық байқаудан өткізу міндетін алып тастауды ұсынды

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтатуды тапсырды. Президенттің пікірінше, бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет.

19 қаңтарда Қазақстан үкіметі «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз