Вакцинаға қарсы шыққан жұмысшыларға қандай шара қолданылды – бас инспектордың жауабы

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов ірі кәсіпорында вакциналауға қарсы шыққан жұмысшылар мәселесі немен аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мысалы, Маңғыстау облысындағы МАЭК компаниясының жұмысшылары бір ай бұрын наразылық акциясына шыққан. Бүгінде компания мен әкімдіктің бірлескен жұмысы нәтижесінде жұмысшылардың 82 проценті вакцина салдырды. АрселорМитталда тура солай. Ал Қазақмыста жұмысшылардың 78 проценті екпе алды. МАЭК-та 100 адам наразылыққа шықса, олардың ішінен 7 адам ғана жұмыстан шеттетілді. Қалғаны бәрін түсініп, вакциналаудан өтті», — деді Оспанқұлов брифингте.

Бас инспектордың айтуынша, вакцина алмаған немесе ПТР-тест тапсырмаған адамды жұмыстан шеттету заңға қайшы емес.

«Дүйсенбіден бастап денсаулық сақтау минстрлігінің тиісті нормасы күшіне енді. Оған сәйкес, жұмыс беруші вакцина алмаған немесе ПТР-тест тапсырмаған адамды жұмысқа кіргізбейді. Иә, заңнамада коронавируспен ауыратын адамды жұмысқа кіргізбеу туралы тікелей норма жоқ. Бірақ Еңбек кодексінің 48-баптың, 1-тармағында заңнамалық актілер мен мемлекеттік органдардың актілері негізінде тиісті шешім шығарылады деп жазылған. Ал Денсаулық туралы кодекс бойынша санитарлық дәрігердің қаулысы міндетті түрде орындауға жататын құжат болып саналады. Сол себепті жұмыс беруші адамды жұмыстан шеттете алады», — деп атап өтті Оспанқұлов.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыс беруші ақшаны төлемеуі де мүмкін. Алайда екі тарап келісімге келсе, жалақының жартысын немесе еңбекақының ең төменгі мөлшерін алуға мүмкіндігі бар.

Оқи отырыңыз: