Басты бет Әлем Видеоның арқасында 9 жасар бала әжесін өлімнен құтқарды

Видеоның арқасында 9 жасар бала әжесін өлімнен құтқарды

Уэльсте 9 жастағы бала YouTube-тегі видеоның арқасында әжесін өлімнен құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Оқиға 2 қаңтар күні болған. 9 жастағы Киан Алиффе (Kian Aliffe) 51 жастағы әжесі Анжела Джонспен бірге үйде болған. Ол жуынатын бөлмеден біртүрлі дыбыс шыққанын естіп, сонда барған. Бала ваннада эпилепсия дертіне шалдыққан әжесінің суға тұншығып жатқанын көреді.

Алиффе адамдар бассейнге батқан қызға көмек көрсеткені жайлы YouTube-тен көрген видеосын есіне түсіреді. Ол дереу әйежесінің басын судан шығарып, ваннадағы суды ағызып жібереді.

Кейін көршілердің есігін қағады, бірақ ешкім ашпайды. Осыдан соң, 9 жастағы бала жедел жәрдем шақырып, анасына хабарласады. Анасы оқиға орнына дәрігерлермен бірге жетеді.

«Киан далада отырған. Мен үйде бірдеңе болғанын бірден түсіндім. Ол маған жедел жәрдемді күтіп отырғанын айтты. Тіпті ересектердің барлығы бірдей мұндай жағдайда қалай әрекет ету керектігін біле бермейді», — дейді Киан Алиффенің анасы.

Сонымен қатар ол ұлының батыл қадамына тәнті болғанын жеткізді.

«Ол үрейленген де жоқ. Бұл керемет. Ол интернеттен көрген видеоның арқасында қалай әрекет ету қажеттігін білген», — дейді ана.

Ал 51 жастағы әжесі Анжела Джонс ауруханаға шұғыл жеткізілген. Оның денсаулығы туралы әзірге мәлімет жоқ.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...