Басты бет Қоғам Вице-премьер тығылып той өткізетіндер туралы айтты

Вице-премьер тығылып той өткізетіндер туралы айтты

Қазақстан үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов карантинге қарамастан тығылып той өткізіп, бетперде кимейтіндер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол коронавирустың ел ішіне кең таралуына адамдардың жауапсыздығы мен немқұрайлығы да себеп болып отырғанын атап өтті.

«Әлем бойынша бұл індетті он миллионнан астам адам жұқтырып, бес жүз мыңнан астамы қайтыс болса да, біздің ел тығылып той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар жоқ емес. Мәселен, амбарларға тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулада той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты тағы басқалары толып жатыр. Оған өздеріңіз де куәсіздер. Осындай әр шараның соңында кемінде жиырмадан астам адамның ауруханаға түсіп, көз жұмып жатқаны мәлім», — деді Тоғжанов баспасөз мәслихатында.

Вице-премьер елдегі күрделі ахуалдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты.

«Мемлекет қабылдаған шаралардың басты мақсаты сөзсіз, ең алдымен, адам өмірін сақтауға бағытталған», — деді ол.

Айта кетсек, Қазақстанда 5 шілдеден бастап жаңа карантиндік шаралар күшіне енеді.

Карантин екі аптадан кейін ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...