Басты бет Оқиға Қылмыс Синтетикалық есірткі сатқан Xoxoclub.biz интернет-дүкенінің иесі 5 жылға сотталды

Синтетикалық есірткі сатқан Xoxoclub.biz интернет-дүкенінің иесі 5 жылға сотталды

ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті «Xoxoclub.biz» интернет-дүкені арқылы психотропты құралдардың заңсыз айналысына қатысы бар ҚР азаматы  Д.Яковенконың (1985 ж.т.) заңсыз іс-әрекетін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды MediaWorld.kz   ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2018 жылы ҰҚК департаменті Қостанай облысы аумағында синтетикалық есірткі сатуды жүргізген «Xoxoclub.biz» сайтын анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Д.Яковенко аталған интернет-ресурсын құрушы және әкімшісі болып табылатыны анықталды. Оған қоса синтетикалық есірткіні Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына (психотропты құралдың) әкелу халықаралық арнасын ұйымдастырған.

2018 жылдың 5 қазанында аталған «Xoxoclub.biz» Ғаламтор-дүкені арқылы материалдарды СДТБТ-ға тіркеуге негіз болған, «пировалерон» психотропты құрал аналогының 0,5 г «жедел сатып алу» жасалынды.

Содан соң, 2019 жылдың 14 наурызында Д.Яковенконың тұрғылықты мекенжайы бойынша тергеу амалдарының кешені өткізілді. Тінту барысында «пировалерон» психотропты құралы аналогының 5 г құрамы бар 5 «Zip-пакет» табылып, тәркіленді.

Жауап алуда Д.Яковенко өзінің Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына синтетикалық есірткі құралының халықаралық келу жолын ұйымдастыруға және оларды аталған онлайн-дүкен («Xoxoclub.biz») арқылы аймақта сатуға қатыстылығын растады.

2019 жылғы 07 тамызда  Қостанай қаласының №2 соты Д.Яковенконы ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі, 296-бабы 1-бөлігі және 297-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуге 5 жыл бас бостандығынан айыруға кесті.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...