Қырғызстан Душанбе-Үрімші бағыты бойынша әуе кеңістігін қолдануға рұқсат бермеді

Фото көрнекілік үшін pixabay.com сайтынан алынды

Душанбе-Үрімші бағыты бойынша рейстер ұшыру үшін Қырғызстанның әуе кеңістігін қолдануға қырғыз тарап рұқсат бермеді. Бұл туралы Азаматтық авиация агенттігінің баспасөз хатшысы Ирина Больбот мәлімдеді.

Әуе рейсі 8 ақпанда қайта жүзеге асатынын «Сомон Эйр» әуе компаниясының басшысы Абдулкосим Валиев хабарлаған.

Тәжікстанның Азаматтық авиация агенттігінің басшысы Дилшод Сафарзода бұл рейсті атқаруда Қырғызстанның әуе кеңістігін қолданатынын жеткізген.

Қырғызстанның Азаматтық авиация қызметінің басшысы тәжік тарап 8 ақпаннан 21 наурызға дейін әуе кеңістігін сұрағанын, әзірге рұқст берілмегенін, бұл мәселе қаралып жатқанын мәлімдеді.

Дереккөз: centralasian.org