Қытай дәрігерлерге қолдау көрсету үшін Қазақстанға бір топ медицина қызметкерін жіберіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Коронавирус инфекциясының алдын алу және науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар жоғары білікті қытай дәрігерлерінің миссиясы – Қазақстан дәрігерлеріне COVID-19 індетімен күресте консультациялық әдістемелік көмек көрсету. Атап айтқанда, көрші елдің дәрігерлері COVID-19 індетінің алдын алып, бақылаудың Қытай тәжірибесімен, жақын байланыста болған адамдарды анықтап, оқшаулау тетіктерімен таныстырады, қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына ұсыныстар береді.
«Бұл бастаманы Қазақстан тарапы 24 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ұсынды», — делінген хабарламада.
Қытай Қазақстанға COVID-19 коронавирус инфекциясымен күресте жан-жақты қолдау көрсетуге келісіп отыр.
Бүгін, 7 сәуірде денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның төрағалығымен Қытай денсаулық сақтау комитеті өкілдерімен, қытайлық дәрігерлермен онлайн кездесу өтті.
Осы онлайн кездесу барысында тараптар 13 маманнан тұратын Қытай делегациясының бағдарламасын талқылады.
Қытайлық дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласына 9 сәуірде келеді деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі келеді.
Оқи отырыңыз:
- 42 500 теңге. Алматыда үш жүзге жуық адамның өтініші қабылданбады
- Қазақстандықтарға мобильді қосымша арқылы коронавирусқа онлайн диагностикадан өтуге болады
- Қоғамда дүрбелең туғызатындарға Үкімет ескерту жасады
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз