Қытайдың Дунгуань қаласындағы Huawei компаниясының зауытында ірі өрт болды: жаңа технологияларды тестілеуден өткізетін ғимараттың бір бөлігі отқа оранды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Disclose.tv мәліметінше, Дунгуань қаласындағы Huawei зауытының ғылыми-зерттеу зертханасы өртенген. Жақын маңдағы көшелерді қою түтін басып қалған.
Белгілі болғандай, аталған зертханада 4G және 5G антенналары тестілеуден өткізілген.
Жергілікті өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды ауыздықтады. Негізінде зауыттағы дауыс сіңіретін мақта өртенгені хабарланды.
Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда.
Апаттан қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
BREAKING — Huawei's research lab in Dongguan City, China is on fire.pic.twitter.com/q9T9irtYyS
— Disclose.tv 🚨 (@disclosetv) September 25, 2020
Оқи отырыңыз:
- ҰҚК 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өтуіне қатысты түсініктеме берді
- Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
- Бадам өзенінен елде жоқ жыртқыш балық шықты (видео)