Басты бет Қоғам Қытайдан ұшып келген төрт адам ауруханаға жатқызылды

Қытайдан ұшып келген төрт адам ауруханаға жатқызылды

Қытай Халық Республикасынан келген төрт қазақстандық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, 6 қаңтардан бері Қытаймен арадағы барлық шекара бекетінде елге кіретін азаматтар арнайы құралдармен тексеріліп жатыр. Барлық адамға анкета жасалады. Артынан тіркеуге алынады.

Осы уақытқа дейін Қытайдан 25 858 адам Қазақстанға келген. Олардың ішінде өз азаматтарымыз бен шетелдіктер бар. Бүгінде дене қызуы көтерілген 23 адам анықталды.

«Барлығын бақылауға алдық. Төрт адам «сан алуан инфекциясы бар» деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Енді, вирустық инфекциялардың нақты айырмашылығы болмағаннан кейін біз оларды өткір респираторлық вирустық инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқыздық. Қан сынамасы алынды. Үш тәуліктің ішінде жан-жақты диагностика жасалады», — деді Біртанов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, Қытайдағы коронавирустың жаппай таралу қаупі де қарастырылған. Ол үшін инфекциялық ауруханаларда қосымша 4 500 қосымша кереует қойылған. Резервтік станционарлар да дайын. Барлық аймақта арнайы оқу-дайындық шаралары атқарылуда.

«Қазіргі кезде біз үкіметтің резервінен қосымша қаржыға тапсырыс бердік. Себебі пациенттер мен инфекциямен түскен адамдарға жеке қорғаныс жабдықтары сатып алынады. Соның ішінде дезинфекциялық құралдар мен медициналық жабдықтар бар. Қажетті дәрі-дәрмектер қарастырылған», — деп атап көрсетті Біртанов.

Қытайдағы коронавирус

Қытайда 2019 жылдың желтоқсанынан бастап белгісіз коронавирустың таралуына байланысты ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы «жауып» тастады.

Бірінші болып Ухань қаласы «жабылды». Себебі қауіпті індет 11 миллионнан астам тұрғыны бар осы қаладан тараған болатын.

Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.

Бүгінгі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 106 адам көз жұмған. Бұған қоса, бұл ауру басқа елдерге де тарай бастаған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...