Қытаймен арадағы мемлекеттік шекарада тұрған автомобиль өткізу бекеттерін ашуға рұқсат берілді. Бұл туралы үкіметтің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Көлжат (Алматы облысы), Бақты және Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы) арқылы өткізу пункттерінде инвестициялық келісімшарттар бойынша тасымалданатын тауар мен дәрі-дәрмек, тамақ өнімдері, гуманитарлық көмек, мемлекеттік тапсырысты орындайтын жүк көліктерінен басқасына шектеу қойылған болатын.
Премьер-министр Асқар Мамин қол қойған құжатта осы тармақ алып тасталынды.
«Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіпте дипломатиялық арналар арқылы Қытай Халық Республикасын ескертсін», — делінген жаңа қаулыда.
Осы құжат қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Аружан Саин тойға екі жылға тыйым салуды ұсынды
- Тоқаев теңге бағамына қатысты бірқатар тапсырма берді
- Иранда журналист Рухолла Зам өлім жазасына кесілді
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз