Қазақ теннисшісі Юлия Путинцева Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарыстың екінші айналымында отандасымыз франциялық Леолия Жанжанмен шеберлік байқасып, 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
1 сағат 15 минутқа созылған ойында Юлия Путинцева 8 брейк-пойнттың алтауын жүзеге асыра білді.