Қызылорда облысында 35 адам мінген автобус аударылып, жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.
3 желтоқсан күні Қызылордадан 85 километр жерде көктайғақтан жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Автобус жолдан шығып кетіп, төңкеріліп қалған. Оқиға таңғы сағат 05:25-те болған.
«Соңғы мәлімет бойынша, оқиға орнында алты адам қаза болды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырды, зардап шеккен 28 жолаушы автобустан шығарылды. Құтқарушылар апаттан құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр», — деп атап өтті Нұрахметов.
Оқи отырыңыз:
- Абайдың қара сөздері норвег тіліне аударылуы мүмкін
- Жетпіс бес адам Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік апатқа түсті
- «Ол ешқашан тоқтамайды»: оралдық әйел күйеуі туралы шындықты жайып салды