Қызылорда облысында дала өрті салдарынан 700 бас ұсақ мал қырылды

32
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 2020 жылғы 21 қазанда сағат 18.50-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округі Түгіскен ауылында (жақын жердегі 74-ӨСБ дейінгі арақашықтық) шамамен ауданы 30 гектар шабылған күріш алқабында құрғақ сабан жанған.

Өрт 21 қазанда сағат 21.48-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт салдарынан алдын ала болжам бойынша  жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кеткен. Сондай-ақ күйіп қалған ұсақ малдар да бар. Олардың нақты саны анықталуда. Оқиға орнында  арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз: