Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз иемдену және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Киік мүйіздерінің ірі партиясын сату әрекеті кезінде қылмыстық схеманы ұйымдастырған екі тұрғын ұсталды. Жалпы салмағы 500 килограмм болатын 2347 киік мүйізі тәркіленді.
Мүйіз үшін браконьерлер 1174 киікті өлтірген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал 5 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына елеулі зиян келтірілді.
Ұсталған адамдар қамауға алынды.
Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз:
- Шиеліде бастығынан қысым көрдім деген судьяның өзі сотталып кетті
- «Маңдайымды дуалға ұрды»: Желтоқсан оқиғасына қатысқан тұрғын басынан кешкен жантүршігерлік деректерді айтты
- «Қыздың түрі қаннан көрінбейді»: ауылда болған оқиға тұрғындарды дүр сілкіндірді
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз