Басты бет Оқиға Жол-көлік оқиғасы Қызылордада Toyota Camry аялдамада тұрған адамдарды соқты: үшеуі көз жұмды (видео)

Қызылордада Toyota Camry аялдамада тұрған адамдарды соқты: үшеуі көз жұмды (видео)

Қызылордада Toyota Camry көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасында тұрған адамдарды соқты, салдарынан оқиға орнында үш тұрғын көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты бейсенбі, 21 қарашада болды. Сағат 09:15 шамасында Назарбаев даңғылында Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Mercedes-Benz көлігін соғып, автобус аялдамасында тұрған адамдарды қағады.

Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, екеуі ауруханаға жеткізілді.

Кінәлі жүргізуші бірден анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Тиісті сараптамалар белгіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлімі (Жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейнігі тергеу жүргізіліп жатыр.

Егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін және 7 жылға дейін белгілі лауазымдарды иелену немесе қызметпен айналысу құқығынан айырылады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...