Басты бет Оқиға Жол-көлік оқиғасы Қызылордадағы жол апаты: аялдамада тұрған бір үйдің екі баласы қаза болды

Қызылордадағы жол апаты: аялдамада тұрған бір үйдің екі баласы қаза болды

Бүгін, 21 қарашада Қызылорданың Назарбаев даңғылында болған жол апатынан екі оқушы көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, ұл бала №12 мектептің бесінші сынып оқушысы болса, екіншісі – оның қарындасы, ол үшінші сыныпта оқыған. Екеуі мектепке бара жатады. Олардың жанында Титов ауылының 42 жастағы тұрғыны да автобусты күткен. Ол да қаза болды.

Жол апатынан екі адам қатты жарақат алды. Он жастағы қыз облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал 1988 жылы туған келіншек қалалық ауруханада жатыр. Ол да көп жарақат алған.

Аялдамаға соғылған 20 жастағы көлік жүргізушісі аман қалды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша жас жігіт рөлде ұйықтап кетіпті.

Зардап шеккендердің жағдайы қалай

Қалалық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлегеннің айтуынша, 31 жастағы келіншек екі аяқтан қатты жарақат алған. Оң жақ пен сол жақ сан сүйегінің, сондай-ақ сол жақ балтыр сүйегінің жабық сынығы анықталды.

«Қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінде жатыр. Себебі жарақаттан қатты шок алған. Соған қарсы барлық шара атқарылып жатыр. Шоктан шыққаннан кейін аяқтарына ота жасау жағы қаралады. Ота кезінде остеосинтез жасалып, сүйектері орнына салынады», — деді Төлеген Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, жол апатынан кейін ауруханаға 43 жастағы ер адам да жеткізіліпті. Бірақ алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оны үйіне жіберген.

Жол апаты қалай болды

Жол апаты бейсенбі, 21 қарашада болды. Сағат 09:15 шамасында Назарбаев даңғылында жүргізуші рөлге ие бола алмай, Mercedes-Benz көлігін соғып, кейін автобус аялдамасында тұрған адамдарды қаққан. Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, екеуі ауруханаға жеткізілді.

Кінәлі жүргізуші бірден анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар белгіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлімі (жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін және 7 жылға дейін белгілі лауазымдарды иелену немесе қызметпен айналысу құқығынан айырылады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...