Басты бет Оқиға Жол-көлік оқиғасы Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала ауруханада көз жұмды

Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала ауруханада көз жұмды

Жан түршігерлік жол апаты салдарынан қаза тапқандар саны артты. Он жастағы бала комадан шықпай көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлдың жарақаттары аса ауыр болған, деп ақпарат берді Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы.

«Бала көп жарақат алған. Ол бас-ми ауыр жарақатын алған, оң жақ жамбасы мен сол жақ аяғы сынған. Ұл ауруханаға түскенде комада болған және өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы болатын», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық ауруханаға қаза тапқан баланың анасы да түсіпті. Ол да жол апаты кезінде автобус аялдамасында тұрған. Әйел түрлі жарақат алды.

Дәрігерлердің айтуынша, келіншектің халі тұрақты, бірақ әзірге ауыр. Оның аяқтары бірнеше жерден сынған. Медицина қызметкерлері әйелге келесі аптада ота жасамақ.

Еске салсақ, 21 қарашада Қызылордада жеңіл көлік жүргізушісі Назарбаев даңғылындағы автобус аялдамасында тұрған адамдарды қағып кетті. Оқиға орнында үш адам – ер адам мен екі бала (ағасы мен қарындасы) тіл тартпай кетті. Тағы екі тұрғын – анасы мен ұлы ауруханаға жатқызылды.

Аялдамаға соғылған көлік жүргізушісі – Н.Б. есімді 20 жастағы жігіт еш жарақат алмаған. Ол уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Қазір полиция жол апаты фактісі бойынша, қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-тармағы – көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Аталған бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...