Басты бет Қоғам Заңға өзгеріс енгізілмек: Енді көпбалалы отбасылар 160 мың теңгеге дейін алады

Заңға өзгеріс енгізілмек: Енді көпбалалы отбасылар 160 мың теңгеге дейін алады

Бала саны жетіден асатын отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өседі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетсек, жаңа жылдан бастап еліміздегі көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы бала санына қарай беріледі, әр балаға шамамен он мың теңге. 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Осыдан кейін сегіз-он бала тәрбиелеп отырған аналар тарапынан үкімет неге жеті баламен шектелді деген уәж айтылды.

«Өткен айда бұл мәселені қарадық, депутаттармен талқыладық. Қазір депуттардың тарапынан сол қабылданған заңға өзгерістер ұсынылып отыр. Біз осы бастаманы толықтай қолдадық. Тиісті өзгерістер үкіметтен шығып, парламент қарауына жіберіледі. Осы орайда жобалап айтайын, егер 7 балаға 74 мың теңге болса, енді 8 балаға – 85 мың теңге, 9 балаға – 96 мың теңге, 15 балаға 160 мың теңгедей белгіленеді. Оған тиісті қаражатты қарастырдық», — деді Нұрымбетов мәжіліс кулуарында.

Мәселен, министрдің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған 15 баласы бар бір отбасы тұрады екен.

«Отбасында он бес бала болса, әрине, 74 мың теңге аз», — деді ол.

Бұған дейін министр 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлеу мәселесі әзірге шешімін таппағанын айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...