«Заңды білмегендіктен, білімі аздықтан…»: Айқын Қуат Хамитовтың «хайп қуамын деп артық кеткенін» айтты

865
Фото: instagram.com/kuat__khamitov/, instagram.com/aikyn/

Бірнеше күн бұрын спортшы Қуат Хамитовтың желідегі жазбасы үшін ұсталғаны туралы хабар желдей ескен болатын. Артынша боксшы Instagram парақшасына жазба жариялап, әлгі видеоның «қалжың ретінде түсірілгенін» мәлімдеген еді. Осы орайда, әнші Айқын Төлепберген спортшыны жақтап, желіге пікір қалдырды. Оның сөзінше, Қуат Хамитов мұндай әрекетке заңды білмегендіктен барған көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ешкімді ұрған жоқ, ешкімді сабаған жоқ. Заңды білмеген соң, ватсаптағы өтірік әңгімеге сене салып, видео түсіре салған. Шынымен, дезинфекторлар мен вертолеттардың у тарататынына сенімді болған ғой (білімі аздықтан). Хайп қуамын деп артық кеткен», — деді әнші.

Оған қоса,  Айқын оның әрекетін «дұрыс емес» деп бағалады.

«Әрине, дұрыс емес! Бірақ, Қуаттың сөзіне мән беріп, сол істерді жасаған бір адамды көрмедім. Сондықтан, біржолға кешіріп, айыппұл салып қана қою керек деген ой ғой бізде. 3 жыл деген сұмдық қой! «Қателеспейтін жан жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген бар», — деп сөзін түйіндеді.

View this post on Instagram

Ешкімді ұрған жоқ, Ешкімді сабаған жоқ. Заңды білмеген соң, ватсаптағы өтірік әңгімеге сене салып видео түсіра салған. Шынымен, дезинфекторлар мен вертолеттардың у тарататынына сенімді болған ғой(білімі аздықтан). Хайпты қуамын деп артық кеткен. Әрине дұрыс емес! Бірақ, Қуаттың сөзіне мән беріп, сол істерді жасаған бір адамды көрмедім. Сондықтан, біржолата кешіріп, штраф салып қана қою керек деген ой ғой бізде. 3 жыл деген сұмдық қой?🤦🏻‍♂️ "Қателеспейтін жан жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ"-деген бар.

A post shared by Aikyn Tolepbergen (@aikyn) on

Оқи отырыңыз: