Басты бет Әлем Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң аясында жазаланады.

31 мамыр күні Қырғызстанның Баткен облысында Чечме және Чашма ауылдарының тұрғындары жаппай төбелескен. Тіпті қос тарап бір-біріне тас лақтырып, үйлерін өртеп жіберген. Текетірестің туындауына бұлақ басындағы кикілжің себеп болыпты. Яғни ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қос елді мекеннің тұрғындары Чечме ауылындағы ауыз су қайнарын тазалауға шыққан. Осы кезде Қырғыздар мен өзбектер арасында жанжал шығып, арты жаппай төбелеске ұласқан. Салдарынан ондаған адам жарақаттанды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары тартылып, төбелес тек кеш қарая тоқтады.

Өзбекстанның Сох ауданына қарайтын Чашма ауылы қырғыз жеріндегі анклав болып тұр. Сондықтан жергілікті тұрғындар арасында мұндай жанжал жиі туындайды.

Акрам Мадумаров, Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары:

— Жыл сайын Чечме ауылындағы бұлақтың көзін ашуға екі ауыл тұрғындары жиналатын. Өйткені қос елді мекен де осы жерден су ішіп отыр. Биылғы тазалық кезінде «бұлақ біздікі» деп, екі жақ тайталасып қалған. Соңы төбелеске ұласты. Алайда біз жағдайдың шиеленісуіне жол бермейміз. Барлығы заң аясында шешіледі.

Фото: видеодан алынған кадр

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...