Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуына кінәлілер кім болса да, заң алдында жауапқа тартылатынын ескертті, деп жазады centralasian.org.
Ол бұл жөнінде үкімет мүшелерімен өткізген видеоселекторлық жиналыс кезінде айтты.
«Менің тапсырмам бойынша су тасқынына байланысты құқық қорғау органдары тергеу ісін бастады. Барлық кінәлілер, ол кім болмасын заң алдында жауап береді», – деп ескертті өзбек президенті.
Мирзияевтің сөзінше, Сырдария обдысындағы су тасқыны өзбекстандықтар үшін ащы сабақ болды.
«Біз халықаралық сарапшыларды шақырып, бөгеттің құрылысын тексереміз. Сол кезде бәрі белгілі болады», – деді Шавкат Мирзиёев.
1 мамырда таңға жуық Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындағы бөгет бұзылып, 22 елдімекенді су алды. Ол жақтан 70 мың адам көшірілді. Кемінде төрт адам қайтыс болып, біреуі із-түссіз жоғалып кетті.
Су апатынан Қазақстан өңірі де зардап шекті. Түркістан облысының Мақтарал ауданында 845 үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медицина ғимараты мен мәдениет үйі және 54,7 км көпір мен жолды су алған. Мұнан өзге 7639 га егістік су астында қалды.
Оқи отырыңыз:
- Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеруге тыйым салынады
- Елімізде жеті саяси партия тіркеуден өте алмады
- Қазақстан ауылдарды су басуына байланысты Өзбекстанға нота жолдамайды – СІМ
Фото: centralasian.org
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз