Сиам егізі 27 маусымда Өзбекстанның Самарқанд қаласында дүниеге келді. Дәрігерлер сәбидің жағдайы ауыр деп отыр. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап centralasian.org хабарлады.
Екі басты бала Самарқанд облыстық перзентханасында кесарев тілігінің көмегімен дүниеге келді. Сәбидің денесі бір, екі қолы мен аяғы, бір жүрегі және төрт бүйрегі бар. Егіз туғандағы салмағы — 4,6 кг, бойы — 48 см.
29 маусымда сиам егізі Самарқанд облыстық балалар медициналық орталығына ауыстырылды. Өйткені оның жағдайы қиындай бастаған.
Дәрігерлердің айтуынша, «»баланың тыныс алуы қиындап, жүрегі әлсіз екені анықталған». Сиам егізінің жағдайы ауыр.
Сиам егізі сирек туылады. Бұған дейін Өзбекстанда сиам егізі дүниеге келмеген.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Ресей коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға мамандар жібереді
- 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды
- Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз