Басты бет Әлем Өзбекстанда ең ірі карантин аймағында жатқандар бүлік шығарды (видео)

Өзбекстанда ең ірі карантин аймағында жатқандар бүлік шығарды (видео)

Өзбекстанның Ташкент облысы Шыршық ауданында орналасқан «Уртасарай» карантин аймағында жатқандар 8-9 шілдеде бүлік шығарды, деп хабарлайды centralasian.org.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеоларға қарасақ, адамдар құлып салынған темір дарбазаны ашуға талпынып жүр, кейбіреуі шатырға шығып алып, адамдарды босатуын талап етті. Карантин лагеріндегі адамдардың айтуынша, кейбір адам мұндағы контейнерлерде бір айдан бері тұрып жатыр, бірақ билік оларды үйге жібермей, оның себебін де түсіндірмей отыр.

Таралған видеоларда сөйлеген әйелдер карантин аймағында 20 маусымнан бері жатқанын айтқан. Бір күн бұрын оларды тамақтандырмаған, балалар да аш қалған.

«Бізді қашан үйге жібереді? Нақты жауабын кім айтады?» — деп айқайлады әйелдердің бірі. Бірақ мұндай талаптарға құлыптаулы дарбазаның арғы жағынан ешкім жауап бермеді.

«Уртасарай» карантин аймағында жатқандардың айтуынша, 9 шілдеде 23-блоктың өзінде ғана 35 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Оларды Ташкенттегі Вирусология институтына алып кеткен.

«Олай болса, бізді тағы 14 күн осында қалдыруы мүмкін», — дейді 15 күннен бері осында жатқан бір өзбекстандық.

«Бір бөлмеде төрт адам жатыр. Біреуінің вирус жұқтырғаны расталса, қалғандарының карантиндегі уақытын созуға тура келеді», — деп түсіндірді Өзбекстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ұлықбек Сабиров.

Өзбекстанда 9 шілдеде 472 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Пандемия басталғалы бері елде 11564 адам осы вирусты жұқтырған. Бір күнде алты адам коронавирустан қайтыс болды.

Фото: centralasian.org

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев азық-түлік бағасын төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы...

Министр Қазақстанның ең лас 10 қаласын атады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ауасы өте лас он қаланы атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, бүгінгі күні өңірлердің негізгі экологиялық...

Бір әйел көршісінің телефонын ұрлап қана қоймай, онымен несие де рәсімдеген

Көршісінің телефонын ұрлап, 300 мың теңгеге несие рәсімдеген қызылордалық әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz. Polisia.kz мәліметі бойынша, Қызылорда облысы Полиция департаменті Қармақшы ауданының полиция бөліміне...

Жазира мен Жанболат жанкүйерлерін алаяқтарға алданып қалмауға шақырды

Қазақстандық танымал жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова алаяқтардың өз атынан жалған ұтыс ойнатып жүргенін хабарлады. Өнер иелері аталған ұтыс ойынына қатыстары жоқ...

Министр көпбалалы аналар митингісіне неге шықпайтынын айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов митингіге шығатын аналардың алдына шықпаудың себебін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Иә, министрліктің алдына азаматтар келеді, өздерінің...

Оңтүстікте 40 градусқа дейін күн ысиды

"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 2021 жылдың 15-17 маусымындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай...

Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді (фото)

Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл қуанышты жаңалықты әншінің әпкесі Меруерт Әуелбекова жариялады. "Халайық, сүйінші! Алланың қалауымен қасиетті жұма...