Өзбекстанда ер адам әйелі әдемі болғаны үшін үстіне бензин шашып, от қойған

69
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Өзбекстанның Самарқан қаласында ер адам әйелінің тым әдемі болғаны үшін үстіне бензин шашып, от қойып жіберген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өзбекстандық STV телеарнасына сілтеме жасап.

«Мен оның сұлулығына ер адамдардың қарағанын қаламаймын», – деді ол сот залында.

36 жастағы ер адам кінәсін толық мойындап отыр. Ол өзінің мұндай әрекетке бару себебін, әйелінің тартымды келбетімен байланысты деп түсіндіреді.

Оның айтуынша, қазір оған ешкім қарамайды. Сондай-ақ, күйеуі әйелінің тарапынан қандай да бір опасыздық жасау ниетін байқамаған. Солай бола тұра, ол әйеліне көп адам қарайды деп үнемі күмәнмен жүрген.

Осындай оқиғадан кейін зардап шегуші бір айдан астам уақыт ауруханада ес-түссіз жатқан. Әйелдің 25% денесін күйік шалып, оның оң қолы мен бетінде тыртықтар пайда болған.

Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 104-бабына сәйкес (қасақана ауыр дене жарақатын салу) сот ер адамды кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз