Өзбекстанда кәсіпкерлерге 1 млн долларға дейін несие беріледі

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Өзбекстанда кәсіпкерлер бұдан әрі 1 млн долларға дейін несие ала алады, деп хабарлайды centralasian.org.

Өзбекстан президенті 27 қазанда қол қойған бұйрыққа сәйкес, несие ұлттық валютамен беріледі. Несиенің Орталық банктің базалық ставкасынан (14%) асқан бөлігінің үстеме пайызы кәсіпкерлерге кері қайтарылады. Өтемақыны Кәсіпкерлікті қолдау қоры төлеп береді.

Құжатта 1 қарашадан бастап Өзбекстан атынан кәсіпкерлікті қолдау жобасы үшін халықаралық қаржы институттарынан және шетелдік үкіметтік ұйымдардан алынған несиелер жобаға қатысқан қаржы ұйымдары тарабынан 10 жылдан кем емес мерзімге қайта қаржыландырылатыны да айтылған.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз