Басты бет Әлем Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандарды кемсіткендерге 4660 долларға дейін айыппұл салынады

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандарды кемсіткендерге 4660 долларға дейін айыппұл салынады

Өзбекстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандарды не карантинде жатқандарды кемсітіп, ғайбат сөз айтқандар жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл жөнінде ел үкіметі жанындағы оперативті штабының ресми телеграм-каналында хабарланды, деп жазады centralasian.org.

Онда коронавирус індетін жұқтырған не болмаса карантинде жатқан адамдардың абыройын түсіріп, ар-ожданына нұқсан келтіріп, жеке өмірі жайлы мәлімет таратқандарға 9 млн сумға (930 доллар) дейін айыппұл салынатыны ескертілген.

Бұл ескертпені қайта бұзғандар 22,3 миллион сум (2330 доллар) төлейтін болады немесе 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Одан бас тартса, екі жылға дейін түзеу колониясына жіберіледі.

Егер науқастың жеке өмірі жайлы мәлімет таратып, оның өміріне қауіп төндіретін болса, 44,6 миллион сумға (4660 доллар) дейін айыппұл төлейді. Болмаса 360 сағат қоғамдық жұмысқа немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Өзбекстанда коронавирус індетінен төртінші адам қайтыс болды. 59 жастағы Ферғана облысының тұрғыны наурыз айында Сауд Арабиясына кіші қажылыққа барған.

Соңғы мәлімет бойынша, Өзбекстанда індет жұқтырғанардың саны 833-ке жетті.

Оқи отырыңыз:

Фото: centralasian.org сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Аяз, жаңбыр, бұршақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы қандай

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райы...

«Вейптерді сатуға тыйым салу қажет»: депутат үкіметке ұсыныс жасады

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин вейптерді сатуға толығымен тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде үкімет вейптер мәселесіне экономикалық тұрғыда қарап отыр....

Ибрагимова баспана бағасына болжам жасады

Отбасы банкінің басшысы Ляззат Ибрагимова баспана бағасына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Жартыжылдың қорытындысы бойынша баспана бағасының өсуі тежеледі деп ойлаймын. Бірақ жаһандық тұрғыда...

ҚазҰУ жерінің бір бөлігін жеке компанияға беру кезінде заңбұзушылықтар анықталды

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың "Ақ жол" ҚДП фракциясының 13 сәуіріндегі депутаттық сауалына қайтарған жауабында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz. Алматы прокуратурасы Жер ресурстарын...

«Махаббат та, сатқындық та болды»: Әсел Асқар күйеуіне әсерлі жазба арнады

Танымал блогер Әсел Асқар желіде жолдасына сезімін білдіріп, аса әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі бұл қарым-қатынасында махаббат та, сатқындық та болғанын айтты, деп жазады...

2 проценттік ипотека алатындардың саны артады – бағдарламаға өзгеріс енгізілді

"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатыса алатын адамдардың саны көбейеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары...

Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға өседі

Алдағы оқу жылынан бастап еліміз бойынша 133 мың студенттің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ведомствода өткен аппараттық жиналыста хабарлады,...