Басты бет Қоғам Зейнет жасы мен әр балаға жәрдемақы: министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Зейнет жасы мен әр балаға жәрдемақы: министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желіде зейнет жасы мен әлеуметтік жәрдемақыға қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

«Әр түрлі мессенджерлерде тараған 2020 жылдың қаңтарынан әр балаға әлеуметтік жәрдемақы төленеді және Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасы төмендейді деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген министрлік сайтында жарияланған хабарламада.

Ведомство қазір парламентте мемлекеттік жәрдемақыға қатысты жаңа заң жобасы қаралып жатқанын еске салды. Оған сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған баласы бар немесе күндізгі оқу бөлімінде оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады:

  • 4 балаға – 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Жаңа жәрдемақыны тағайындау 2020 жылы өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау процесінің мерзімі шектелмеген, яғни көпбалалы отбасы жәрдемақыға 2020 жылдың ортасында ілігіп тұрса, тиісті құжаттармен және өтінішпен халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді. Егер бұл деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталса, құжат талап етілмейді.

Министрлік 2020 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік жәрдемақылардың басқа түрлерін тағайындау жоспарда жоқ екенін нақтылады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...