Басты бет Экономика Қаржы Зейнетақы жинағы азайып қалса, мемлекет өтеп береді

Зейнетақы жинағы азайып қалса, мемлекет өтеп береді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық табыстың азаюына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қор басшысы Жанат Құрмановтың айтуынша, бүгінде зейнетқы жинақтары инфляциядан қорғалған. Мәселен, Ұлттық банк ол ақшаны бір жерге инвестиция ретінде құйғанда инфляцияның көрсеткіші ескеріледі.

«Сосын зейнетақы активтері сан алуан қаржы құралдарына салынады, әртүрлі мемлекеттерде, әртүрлі секторларда және әртүрлі валютамен құйылады. Осылайшы, қаржы портфелін әртараптандыру арқылы тұрақты табыс табуға мүмкіндік бар», — деді Құрманов бүгінгі онлайн брифингте.

Осы орайда ол зейнетақы жинақтарының қайда және қандай көлемде құйылғанын да айтып берді. Соның ішінде қаржы министрлігінің құнды қағаздары (37 процент), Ұлттық банктің ноталары (5 процент), квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары (15 процент) және екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздары (10 процент) бар.

«Негізі  зейнетақы жинақтары заң бойынша инфляциядан қорғалған. Зейнетақымен қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес, мемлекет жинақтардың тұтастығына кепілдік береді. Сондықтан алаңдайтын еш негіз жоқ. Өйткені заңға сәйкес, мемлекет азаматтарға олардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына кепілдік береді. Бір сөзбен айтқанда, салымшылар зейнетке шыққанда олардың жинақтары азайып қалса, мемлекет оны өтеп береді», — деп атап көрсетті Құрманов.

Оның сөзіне қарағанда, биыл доллардың бағамы өскеннен кейін шетелдік валютамен салынған зейнетақы активтері өсті. Осының арқасында жылдың аяғына дейін жинақтар инфляциядан қорғалады.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...