Басты бет Қоғам Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолдары айтылды

Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолдары айтылды

Мемлекеттік аннуитет компаниясының басқарушы директоры Әлемжан Ақажанов зейнеткерлік аннуитет шарттарының қалай өзгеретінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Зейнеткерлік аннуитет» қалай беріледі?

Қазіргі заңнамаға сәйкес, зейнетақы қорындағы ақшаны ай сайынғы төлем ретінде мерзімінен бұрын алуға болады. Ол үшін есепшотта жинақтың нақты бір мөлшерін жинау қажет. Оның көлемі жыл сайын экономикалық көрсеткіштерге қарай өзгеріп тұрады. Мәселен, биыл ер адамдар үшін қажетті соманың мөлшері 10 809 889 теңге болса, әйелдер үшін 14 485 100 теңгені құрайды. Оған қоса, нақты жас ерекшелігі де белгіленген. 2020 жылдан бастап ер адамдар 55 жаста, ал әйелдер 51,5 жаста (жыл сайын жарты жылдан қосылады — Sputnik Қазақстан) қажетті соманы жинап, зейнеткерлік аннуитет шартымен ай сайынғы төлемді ерте ала алады.

«Ол үшін зейнеткерлік аннуитет туралы келісім жасалады. Салымшының есепшотындағы ақша өмірді сақтандыру компаниясына аударылады да, кесте бойынша ай сайын зейнетақы төлемдері беріле бастайды. Мәселен, біз  адамның зейнетақы жинақтарын 110 жасқа дейін жоспарлап қоямыз. Зейнеткерлік аннуитет арқылы зейнет жасқа жетпей, тиісті төлемдерді ай сайын алуға болады. Талап бойынша бір төлемнің мөлшері минималды зейнетақыдан кем болмауы тиіс. Әрине, жинақтың сомасы көп болса, ай сайынғы төлем де көбейе түседі «, — дейді Ақажанов.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда зейнеткерлік аннуитет келісімшартын 60 мың адам рәсімдеген.

Аннуитет шарттары қалай өзгереді?

Бүгінде зейнеткерлік аннуитетті барынша қолжетімді ету үшін қосымша шаралар қолға алынып отыр. Алдағы уақытта осы қызметтің тағы екі түрін енгізу жоспарланған. Біріншісі «бірлескен аннуитет» болса, екіншісі — «кейінге қалдырылған аннуитет». Қазіргі кезде осы жобалар бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.

«Мысалы, «бірлескен аннуитет» ерлі-зайыптыларға арналған. Егер біреуінде зейнетақы жинақтары жеткілікті, ал екіншісінде жеткіліксіз болса, бірлескен аннуитетті алуға рұқсат беріледі. Осылайша, ерлі-зайыптылардың зейнетақы жинақтарын қосып, біреуінің ақшасын екіншісіне құюға болады. Сөйтіп, жетпей тұрған соманы толықтыруға мүмкіндік бар. Соның нәтижесінде екеуі де зейнетақы төлемдерін ерте алады», — дейді Ақажанов.

Ал «кейінге қалдырылған аннуитет» бойынша қазіргі жас ерекшелігіне қатысты талапқа қарамастан, зейнеткерлік аннуитет келісімшартын жасауға мүмкіндік беріледі. Бірақ есепшотта қажетті сома болуы шарт.

«Мәселен, адам 45 жасында қажетті соманы жинаса, зейнеткерлік аннуитетке құжат тапсыра алады. Соның арқасында кепілдендірілген табыс ставкасын белгілеп, алдағы төлемдердің индексациясын қамтамасыз ете алады. Ал артық ақшаны инвестициялауға мүмкіндік бар. Сонда қосымша табыс түседі. Меніңше, алдағы бір-екі жылда осы қызметтер іске қосылады», — деп атап көрсетті Ақажанов.

Маманның сөзіне қарағанда, зейнеткерлік аннуитетті алғаннан кейін жұмыс істейтін адамдар зейнетақы қорына тағы ақша жинайды. Сөйтіп, 63 жаста зейнетақы қорынан да, аннуитет компаниясынан да төлемдерді алып отырады. Оған қоса, базалық зейнетақы алатындар бар.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...