Зейнеткерлерге 5 проценттік ипотека беру шарты жарияланды

68
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Жұмыс істейтін зейнеткерлер екі қосалқы қарыз алушыны көрсетсе, «5-10-20» бағдарламасымен баспана ала алады. Бұл туралы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Әкімдік кезегінде тұрған зейнеткерлер де «5-10-20″ бағдарламасына қатыса алады. Бірақ осы санаттағы адамдардың табысы болуы шарт, яғни олар жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, екі қосалқы қарыз алушыны көрсетуі керек. Сонда 5 проценттік ипотекамен баспана алуға мүмкіндік беріледі», – деді Матаев Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты – әкімдік кезегінде тұрған адамдарды баспанамен қамту. Бірақ еңбек қызметі немесе кәсіпкерлік қызмет арқылы табыс табу міндеті бар.

«Бұл – басты талап. Адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы табыс тауып жүргенін растауы тиіс. Зейнеткерлер осыны көрсете алмағандықтан, екі қосалқы қарыз алушыны тарту міндеті бар. Өйткені, зейнетақы табыс көзі болып саналмайды», – деп атап көрсетті Матаев.

Оқи отырыңыз: