Басты бет Саясат Парламент "Өзгеріс байқалмайды": Депутаттар 5 жылдық жоспардың орындалмағанын мәлімдеді

«Өзгеріс байқалмайды»: Депутаттар 5 жылдық жоспардың орындалмағанын мәлімдеді

Қазақстанның халықтық коммунистері индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын сынға алып, үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, Қазақстанда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аяқталып келеді. Біз қоғамға келген нақты нәтижені көрмей отырмыз. Өндірістік және инфрақұрылымдық нысандардың жалпы саны көп болып көрінсе де, отандық экономикада сапалы өзгерістер байқалмайды. Бұл дегеніміз, негізгі мақсат орындалған жоқ», — деп басталады коммунистердің сауалы.

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың айтуынша, бес жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібінің экспорты 19 процентке өседі деген жоспар болған. Алайда бұл — тым төмен көрсеткіш. Себебі бір жылға есептегенде 3,8 проценттік өсім ғана шығады. Ал ондай өсімді «үдемелі даму» деп атауға болмайды. Дегенмен, ол жоспардың өзі орындалған жоқ. Экспорт тек 14,6 процентке ғана артты. Сонда бір жылда 3 проценттен де төмен болып тұр.

«Өңдеу өнеркәсібі саласында еңбек өнімділігі 6,6 процентке ғана өсті. Алайда бас кезінде 22 процентке артады деген жоспар болған. Бұл дегеніміз, индустрияда сапалы өзгеріс мүлдем жоқ. Ал кейбір салаларда еңбек өнімділігі, керісінше, түсіп кетті. Мәселен, тамақ өнімдерін өндіру саласында өнім өндіру 5 процентке төмендеді, автокөлік құралдары – 13 процентке, ауыл шаруашылығы техникасы 28 процентке түсіп кеткен», — дейді Қоңыров.

Оның сөзіне қарағанда, екінші бесжылдықтың басында өңдеу өнеркәсібі саласында 552 мың адам жұмыс істеген. Бүгінде олардың саны 598 мыңға жетті. Сонда бес жылдың ішінде небәрі 46 мың қосымша жұмыс орны ғана ашылды.

«Осы салада орташа еңбекақы 137 000 теңгеден 209 000 мыңға дейін өсті. Алайда инфляцияның деңгейін ескерсек, бұл нөлдік өсім болып саналады. Доллармен санағанда жалақы 730 доллардан 540-ға дейін қысқарды. Осылайша, сапалы әрі жоғары төленетін жұмыс орындарын құру мәселесі шешілмей қалды», — деп атап көрсетті Қоңыров.

Коммунистер бес жылдық жоспардың орындалмағаны үшін кімді және қалай жауапқа тартатынын хабарлауды сұрады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...