Басты бет Оқиға Қылмыс Жәбірленуші әйелдің телефонын абысыны ұрлап кеткен

Жәбірленуші әйелдің телефонын абысыны ұрлап кеткен

Түркістан облысының полицейлері туысының ұялы телефонын ұрлаған әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында үйінде жиын өткізген күні кір жуғыш машинаның үстіне қойған ұялы телефонын белгісіз біреу алып кеткені, таппай қалғаны жөнінде хабарлама түсірген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 65 000 теңгені құрады. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында аудандық полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел тергеу тобы құрылып, қажетті іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде ұялы телефон Абай ауылындағы ломбардтардың бірінен табылды. Содан полицейлер бейнебақылау камераларын қарап, куәгерлерден жауап алды. “Жау алыстан келмейді” дегендей, ұялы телефонды ұрлаған жәбірленуші әйелдің туысы, яғни абысыны болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай ол оңай жолмен ақша табу мақсатында ұялы телефонды ұрлап, ломбардқа 18 000 теңгеге өткізіп жіберген. Ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс-құжаттары Келес аудандық сотына жолданды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бағалы заттарыңызбен, ұялы телефондарыңызға барынша абай болыңыздар деп ескертеді. Яғни, ұялы телефондарыңызды кез-келген жерге тастамаңыздар. Мүмкіндігінше жаныңызда аузы жабық сөмке мен ішкі қалтаңызда сақтаңыз. Егерде сізде, осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...