Басты бет Саясат Үкімет "Жұмысы нашар": Ақтөбеге барған Сапарбаев колледждерді сынға алды

«Жұмысы нашар»: Ақтөбеге барған Сапарбаев колледждерді сынға алды

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев арнаулы орта білім беретін оқу орындарын сынады. Айтуынша, колледжде дайындалатын мамандар талапқа сай емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Өкінішке орай, колледждердің жұмысы нашар. Ешкімге керек емес мамандарды дайындаймыз. Орысша айтқанда «Мы в плановом порядке пополняем армии безработных». Қандай мамандар дайындау керектігімізді белгілейміз. Дуалды білім туралы айтып келе жатқанымызға 10 жыл!

Біз колледждердің материалдық, техникалық базасы қандай екенін білеміз. Соңғы екі-үш жылда мемлекет, үкімет, жергілікті әкімдік колледждердің техникалық базасын нығайту үшін ақша бөле бастады. Ол әрі қарай жалғасады. Сіздердің міндеттеріңіз сұранысқа қарай маман дайындау. Барлық мектептердің 86 пайызында спорт зал мен акт зал бар. Салыстыру керек, мына мектепте қанша тәртіп бұзылды, сол бала спорт, өнер үйірмелеріне бара ма? Спорт, мәдени үйірмелерді көбейтуіміз керек.

Сонда ғана тәртіп дұрысталады. Қазір барлық мүмкіндікті пайдаланып, білімнің сапасын, тәрбиесін жақсартуға күш салып, жұмыс жасауға тиіспіз», — деді вице премьер.

Білім министрін Ақтөбеге ертіп келген премьер-министрдің орынбасары ұстаздарды тәрбие мен тәртіпке көңіл бөлуге шақырды.

«Соңғы кезде тәрбиенің нашарлап кеткені мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс нашарлаған. Неге бірін-бірі өлтіріп, шашын жұлып, секіріп жатыр. Осының бәрі тәрбиенің, сана-сезімнің нашар болуынан. Осы жұмыстың бәрін қайта қалпына келпіруіміз керек. Ата-аналармен жұмыс жасамасақ болмайды. Ұстаздар мәртебесі заңында ата-ана жауапкершілігі де қаралатын болады», — деді Сапарбаев.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...